Қуғын көрді • қуғынға ұшырады [салды]

lat: Qýǵyn kórdi • qýǵynǵa ushyrady [saldy]

Қудалау, соңына түсу мғгынасында. Ғаниды қуғынға салды. Жақындарының кеңесімен, сонда Ғани Қазалы сыртындағы ауылды уақытша паналаған (Ж. Арыстанов). Патша әкімдері Жаяу Мұсаны, Құрманғазыны қуғынға ұшыратқан (Е. Ысмайылов). Қуғын көрген, қаңғырған, Қараңғыда жылт еткен, Жаман күнде жау қуған Сәлем, сонау ағайға (I. Жансүгіров).